«Өмірім-байлығым»

01.10.2018

Жыл сайын, алтын күз мезгілінде, біз өз өмірін балалар тәрбиесіне арнаған адамдарды құттықтаймыз. Қарттар күні біз үшін ерекше көңілге, шексіз сүйіспеншілікке ие адамдарымыздың мейірімен жарқындыққа толы мерекесі.

Бұл күн жастарға адами қарым-қатынас құндылықтарын адалдықты, борышты, жауапкершілікті еске салуға арналған. Ақсақалдарға қамқор болу жүрегімізде сүйіспеншілік, ризашылық, мейірімділік пен шынайылық сезімін тудырады. Тек өз ақсақалдарын құрметтейтін қоғамда ғана болашақ бар екенін ұмытпауымыз керек.

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде Халықаралық Қарттар күнін атап өту дәстүрге айналды. Қарттар күні қарсаңында студенттер еңбек ардагерлеріне барып, оларға сыйлық сыйлап, мерекелік іс-шараға шақырған болатын.

Қазаның 1 жұлдызында «Менің жылдарым - менің байлығым!» атты мерекелік кездесуі өтті. Бұл күні барлық тілектер мен шынайы сөздер «алтын күзді» тойлайтын ең лайықты, дана және құрметті адамдарға арналды. Мерекелік шай кезінде құттықтаулар мен алғыс сөздер айтылды. М.Жұмабаев атындағы Гуманитарлық колледждің директоры Жандильдин Е.Б. және гуманитарлық колледж қасындағы мектеп-лицейінің директоры Р.Касимова құттықтау мен жылы тілектерін білдірді.

Барлық қонақтардың атынан алғыс сөзді бұрынғы колледж директоры, қазіргі кезде құрметті зейнеткер Абулғазиев Ш.Т. айтты.

Мерекелік бағдарламаға студенттердің, лицей оқушылары мен мұғалімдердің шығармашылық нөмірлері дайындалды. Шығармашылық нөмірлер қонақтар үшін ерекше атмосфераны құрып, мерекені жарқын және есте қаларлықтай жасады. Концертте ән айтылып, би биленіп, өлең орындалды.

Мереке ерекше жылы рухани атмосферада өтті, еңбек ардагерлері құттықтаулар қабылдап, әңгімелесті.

Қонақтардың күлкісі мен бақытты көздері мереке ұйымдастырушыларына ең үлкен сыйлық.

М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық

колледжнің оқытушылары: Тасмагамбетова Б.К.

Советова А.М.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст